KZ
KZ RU
28 сәуір 2016 15:08

Қазақстан Кубогының ширек финалының жеребесі ПФЛК-ТВ жобасында көрсетілмек

28 сәуір 2016 15:08

Жеребеде Премьер-лиганың 7 клубы және Бірінші лиганың 1 клубы қатысады. Ширек финалға келесі клубтар жолдама алды: «Астана», «Ордабасы» (Шымкент), «Атырау», «Жетісу» (Талдықорған), «Ертіс» (Павлодар), «Қызыл-Жар СК» (Петропавл), «Қайрат» (Алматы) және «Оқжетпес» (Көкшетау).

Осы шараны тікелей эфирде ПФЛК-ТВ жобасында көре аласыздар. Басталуы - Астана уақыты бойынша 11:00-де.