KZ
KZ RU
15 мамыр 2017 21:18

Қазақстан Кубогының жартылай финал жеребесі тартылды

15 мамыр 2017 21:18

1/2 финалда келесі жұптар кездеседі:

"Ордабасы"-"Қайрат"

"Шахтер"-"Атырау"

Бірінші кездесулер Шымкент және Қарағанды қалаларында 24 мамыр күні өтеді, ал қарымта ойындар 21 маусымда Алматы және Атырауда болады.

Айта кетсек, еліміздің Кубогына төрт клубының өнер көрсетуіне байланысты Чемпионаттың кейбір ойындарының өту күндері өзгеріске ұшырады.

XIV тур "Атырау"-"Ақжайық", "Оқжетпес"-"Ордабасы", "Қайсар"-"Қайрат" кездесулері, сонымен қатар IV тур "Астана"-"Шахтер" ойыны 2017 жылдың 28 мамыр күні өтеді.

XVI тур "Шахтер"-"Атырау", "Қайсар"-"Ордабасы", "Қайрат"-"Тобыл" ойындары 2017 жылдың 17 маусымына ауыстырылды.