KZ
KZ RU
30 наурыз 2022 10:15

Қазақстан ұлттық құрамасын құттықтаймыз!

30 наурыз 2022 10:15

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы барша жанкүйерлерді УЕФА Ұлттар Лигасының өтпелі кезеңінде Молдова құрамасымен қол жеткізген оң нәтижемен құттықтайды.

Бүкіл Қазақстан біздің құраманың қайсар ойыны мен жанкештілігінің куәсі болды. Екі ойыннан тұратын текетірістің финалы нағыз драмаға айналып, қазақстандықтарға ұмытылмас эмоциялар сыйлады. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, сүйікті ойыншыларға қолдау көрсету үшін стадионға келген жанкүйерлерге мың алғыс. Бұл кеште жанкүйерлер мен ойыншылар біртұтас болып, ортақ жеңіске қол жеткізді!  

Енді Қазақстан құрамасының алдында аталмыш жарыстың С дивизионында Словакия, Беларусь және Әзірбайжан сынды жақсы қарсыластармен ойындар күтуде.