KZ
KZ RU
29 сәуір 2022 18:57

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты 13-турының өту күндері өзгертілді

29 сәуір 2022 18:57

Қазақстан Ұлттық құрамасының UEFA Ұлттар лигасының ойындарына даярлығын ұзартуына байланысты Қазақстан футбол федерациясының ұсынысын назарға ала отырып, «2022 жылға футболдан Премьер-лига клубтары арасындағы Қазақстан Республикасының OLIMPBET-Чемпионаты Регламентінің» 5.17.5-тармағына сәйкес Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Әкімшілігі жарыстың 13-тур ойындарын өткізу мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Аталмыш тур 2022 жылдың 20-21 тамызына ауыстырылды.