KZ
KZ RU
02 наурыз 2023 11:28
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының I туры Тимур Сегізбаевты еске алуға арналады

02 наурыз 2023 11:28

2023 жылғы Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының I туры қазақстандық футболшы және бапкер Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың құрметіне өтеді.

Футболшы ретінде Сегізбаев 19 жасында КСРО чемпионатында дебют жасап, «Қайрат» сапында өнер көрсетті. 1963 жылы Одақ Кубогының жартылай финалына командамен шыққаны үшін КСРО спорт шебері атағын алды. 6 жыл қатарынан команда капитаны болды.

Мансабын аяқтағаннан кейін «Автомобилист» (Қызылорда), «Шахтер» (Қарағанды), «Қайрат» (Алматы), Йемен құрамасын, «Мелиоратор» (Қызылорда) командаларында бапкер ретінде қызмет етті.

1989 жылдан бастап 2001 жылға дейін еліміздің футбол федерациясының вице-президенті, бас хатшысы және президенті болып қызмет атқарды.

Тимур Санжарұлы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, спорттың еңбек сіңірген қайраткері атанды.

2014 жылы «Қайрат» футбол клубының жасөспірімдер Академиясына Сегізбаевтың есімін беру туралы шешім қабылданды.

2017 жылдың 15 желтоқсанында Тимур Санжарович өмірден озды.