KZ
KZ RU
10 наурыз 2023 20:24
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының III туры Юсуп Шадиевтің құрметіне өтеді

10 наурыз 2023 20:24

2023 жылғы Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының III туры атақты футболшы Юсуп Шадиевтің құрметіне өтеді.

Юсуп Алаутдинович «Қайрат», «Жетісу» және «Жеңіс» сапында қазақстандық футболда үлкен із қалдырды. Сонымен қатар, ол «Терек» (Грозный) сапында өнер көрсетті.

Шадиев КСРО Чемпионатының жоғарғы лигасында 200-ден астам матч өткізіп, ең сенімді және мықты қорғаушылардың бірі болып саналды.