KZ
KZ RU
27 наурыз 2023 15:39
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының IV туры Александр Убыкиннің құрметіне өтеді

27 наурыз 2023 15:39

2023 жылғы Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының IV туры атақты қақпашы Александр Убыкиннің құрметіне өтеді.

Александр Сергеевич «Қайрат», «Трактор» (Павлодар) және РШВСМ (Алматы) клубтарының сапындағы ойындары арқылы танымал атанды. Жалпы отандық клубтар сапында 300-ге жуық матч өткізді.

«Қайратпен» бірге Убыкин КСРО чемпионатының Бірінші Лигасын, «Трактормен» Екінші Лиганы екі рет жеңді.

Бапкер ретінде РШВСМ (Алматы), «Қайрат», «ЦСКА-Қайрат», «Цесна», «Алма-Ата» және «Бәйтеректе» клубтарында қызмет атқарды.