KZ
KZ RU
13 сәуір 2023 11:13
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының VI туры Евгений Кузнецовтың құрметіне өтеді

13 сәуір 2023 11:13

2023 жылғы Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының VI туры атақты футболшы және бапкер Евгений Иванович Кузнецовтың құрметіне өтеді.

Евгений Иванович — талантты футболшылардың бірнеше тобын дайындаған тараздық футбол мектебінің тәрбиеленушісі Ротт Евгений Ивановичтің түлегі.

Евгений Иванович футболшы ретінде мансабының көп бөлігін екі клубта өткізді – «Қайрат» және «Шахтер» сапында өнер көрсетті. КСРО чемпионатында барлығы 221 ойын өткізіп, 27 гол соқты. КСРО спорт шебері атанды.

Бапкер ретінде «Химик» (Тараз) және «Қайрат» клубтарында қызмет атқарды. Алайда бапкерлік мансабының көп бөлігін балалар мен жасөспірімдер футболына арнады. Ол бірнеше мықты ойыншыларға ел чемпионатының деңгейіне жетуге жол ашты.

Сонымен қатар Евгений Иванович Қазақ КСР еңбек сіңірген бапкері атағына ие.