KZ
KZ RU
21 сәуір 2023 16:17
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының VII туры Құрбан Бердыевтың құрметіне өтеді

21 сәуір 2023 16:17

2023 жылғы Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының VII туры атақты ойыншы және бапкер Құрбан Бикиұлы Бердыевтың құрметіне өтеді.

Бердыев ойыншы ретінде 155 ойын өткізіп, КСРО Чемпионатының жоғарғы лигасында 23 гол соқты. Бірінші Лигада 211 ойынға қатысып, 32 гол соқты. 1983 жылы «Қайрат» ФК құрамында КСРО Бірінші лигасының жеңімпазы атанды.

Бапкер ретінде мансабындағы басты жетістіктер «Рубин» (Қазан) командасымен байланысты. Аталмыш клубпен Чемпиондар лигасында жарқын ойнап, Кубок пен Ресей чемпионатын жеңіп алды.

Қазақстанда «Химик» (Жамбыл), «Қайрат» және «Мұнайшы» (Ақтау) клубтарында қызмет атқарды.

«Қайратпен» Қазақстан чемпионатының қола медалін және ел кубогын жеңіп алды.