KZ
KZ RU
05 мамыр 2023 21:03
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының VIII туры Анатолий Ионкинді еске алуға арналады

05 мамыр 2023 21:03

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының VIII туры атақты футболшы Анатолий Ионкинді еске алуға арналады.

Анатолий Михайлович шабуылшы ретінде туған жерінің «Уралец», «Спартак» (Семей) және «Қайрат» командаларында ойнаған. КСРО біріншілігінің жоғарғы лигасында 70 ойын өткізіп, 25 гол соқты, 1 лигада - 70 ойын, 39 гол. КСРО спорт шебері болып табылады.

Ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін «Жезқазған», «Уралец» футбол клубтарында және «Кайнур» шағын футбол клубында бапкер болып жұмыс істеді. Ұлттық, Олимпиадалық және жастар құрама командаларын ірі халықаралық жарыстарға дайындауға көмектесті.

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкерінің қызметін атқарды. Қазақстан футбол федерациясында ұзақ уақыт жұмыс істеді, 2001 жылдан бастап, 2009 жылға дейін ҚФФ Вице-президентінің қызметін атқарды. Анатолий Михайловичтің ойыншылық мансабы отандық футболдың өсіп келе жатқан ұрпағы үшін үлгі болып табылады.

2009 жылдың 13 мамырында аты аңызға айналған шабуылшы өмірден озды.