KZ
KZ RU
23 маусым 2023 10:44
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XIII туры Петр Асылбаевтың құрметіне өтеді

23 маусым 2023 10:44

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XIII туры «Шахтердің» ардагері, қарағандылық футболдың аңыздарының бірі Петр Мәуленұлы Асылбаевтың құрметіне өтеді.

Петр Мәуленұлы қарағандылықклубтың түлегі және өзінің мансабын «Шахтерде» өткізіп, аталмыш команда сапында 300-ден астам ойында жасыл алаңға шықты.

1971 жылы КСРО жасөспірімдер құрамасына шақырылды. Құрама сапында Асылбаев беделді халықаралық жарыстарда өнер көрсетті, онда кеңес жастары Бразилия, Аргентина, ФРГ, Англия, Франция және басқа да үздік футбол державаларының құрдастарымен тең ойнады. Жалпы, аталмыш команда құрамында Петр Асылбаев 28 матч өткізді.

1982 жылы ол КСРО спорт шебері атағына ие болды.

1986 жылы ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін Петр Мәуленұлы өз клубында бапкер болып жұмыс істеді, кейін менеджер, директордың орынбасары және жастар футболының жетекшісінің қызметін атқарды.

Қарағандыдан басқа Асылбаев «Жетісу», «Химик» және «Көкше» клубтарында бапкер ретінде еңбек етті.