KZ
KZ RU
10 тамыз 2023 09:39
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XIX туры Дмитрий Огайдың құрметіне өтеді

10 тамыз 2023 09:39
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XIX туры Жамбыл футболының түлегі Дмитрий Огайдың құрметіне өтеді.
 
Дмитрий Алексеевич футболшы ретінде «Химик», «Тараз», «Қайрат», «Пахтакор», «Шахтер», «Достық», «Ақтөбе» және «Мұнайшы», сондай-ақ «Прейсен Хамельн-07» (Германия) командаларында өнер көрсетті.
 
1982 жылы Огайға КСРО спорт шебері атағы берілді. 1996 жылы туған «Тараз» командасының құрамында ел чемпионы атанды, ал 1997 жылы жарыстың күміс медалін жеңіп алды.
 
Бапкер ретінде «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Тобыл», «Тараз», «Қайрат», «Орал», «Қайсар», «Жетісу», ресейлік «Урал» және «Нефтехимик» командаларында қызмет атқарды. 2023 жылы алматалық «Хан-Тәңірі» командасының бас бапкері атанды.
 
Дмитрий Алексеевич бапкер ретінде «Ертіспен» бірге Қазақстан чемпионатын екі рет жеңіп алды, бес рет күміс медалінің, сонымен қатар екі рет қола медалінің иегері атанды.
 
2007 жылы «Тобылмен» бірге Қазақстан Кубогын, кейін УЕФА Интертото кубогын жеңіп алды. Аталмыш жеңіс қазақстандық клубқа УЕФА Кубогына қатысуға мүмкіндік берді.
 
Дмитрий Алексеевич үш рет Қазақстанда жыл бапкері болып танылды.