KZ
KZ RU
08 қыркүйек 2022 12:09
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XIX туры Омаровты еске алуға арналады

08 қыркүйек 2022 12:09

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XIX туры атақты футбол ардагері мен комментатор Диас Омаровты еске алуға арналады.

Диас Ілиясұлы 60-жылдары «Қайрат» сапында өнер көрсетті. 1966 жылдан бастап Қазтелерадиода спорттық комментаторы ретінде қызмет етті. Ұзақ уақыт бойы қазақстандық телеарналарда жұмыс істеп, отандық футболдың дауысы болды.

«Советский спорт» және «Труд» басылымдарында жарияланған көптеген мақалалардың авторы. Қазақ журналистика академиясының академигі.

Диас Ілиясұлы 79 жасында пневмониядан дүниеден озды.