Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XVI туры Сергей Волгиннің құрметіне өтеді
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XVI туры отандық футбол ардагері Сергей Васильевич Волгиннің құрметіне өтеді.
Сергей Васильевич Алматы футболының түлегі. Ол футболшы ретінде АДК құрамында алғаш рет алаңға шықты, содан кейін оның мансабында «Чкаловец» (Новосибирск), «Уралец» (Орал), «Қайрат» (Алматы), «Жетісу» (Талдықорған), «Спартак» (Мәскеу), «Металлург» (Запорожье), «Алау» (Воронеж) және «Текстильщик» сияқты командалар болды.
1992 жылы «Қайрат» сапында алғаш рет Қазақстанның чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алды. Жылдың үздік футболшысы атанды. Бұған дейін «Спартак» сапында КСРО чемпионатының қола медалінің иегері атанды.
Бапкер ретінде Ресейде «Сатурн», «Факел» және «Уралан», Қазақстанда «Ертіс», «Атырау», «Қарасай Сазбаздары», «Қайрат», «Қайсар», «Ақжайық» және «Жас Қыран» командаларының тізгінін ұстады.