KZ
KZ RU
28 шілде 2023 09:37
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XVII туры Сергей Стукашовтың құрметіне өтеді

28 шілде 2023 09:37

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XVII туры Қарағанды футболының түлегі, қазақстандық спорт ардагері Сергей Викторович Стукашовтың құрметіне өтеді.

Сергей Викторович ойыншылық мансабын туған жерінің командасы «Шахтерде» бастады. Содан кейін «Қайратта» өнер көрсетіп, алматылық клуб сапында мансабының көп бөлігін өткізді. Кейін Сергей Викторович мәскеулік «Динамо» командасының ұсынысын қабылдады.

КСРО чемпионатында 223 ойын өткізіп, 52 гол соқты. КСРО құрамасында алты ойын өткізді.

Стукашов — УЕФА жасөспірімдер турнирінің жеңімпазы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, КСРО чемпионатының күміс жүлдегері.

Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін «Динамо», «Спартак» (Щелково), «Рубин» (Қазан) және «Қайрат» (Алматы) клубтарында бапкер ретінде қызмет атқарды.