KZ
KZ RU
03 тамыз 2023 17:31
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XVIII туры Сергей Тимофеевтің құрметіне өтеді

03 тамыз 2023 17:31

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XVIII туры Павлодар футболының түлегі Сергей Тимофеевтің құрметіне өтеді.

Сергей Анатольевич футболшы ретінде мансабын туған жерінің «Тракторда» атты командасында бастады. Кейін «Қайрат», «Спартак» (Владикавказ), «Нива» (Украина), «Динамо» (Мәскеу), «Алания», «Локомотив» (Нижний Новгород), «Сокол» (Саратов), «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Ертіс» (Павлодар) және «Екібастұз» (Екібастұз) командаларында өнер көрсетті.

«Алания» командасының сапында Тимофеев Ресей чемпионы атанды, содан кейін павлодарлық «Ертіспен» бірге екі рет Қазақстан чемпионы атанды.

Қазақстан құрамасының сапында 6 ойын өткізді.

39-жасында ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін «Екібастұз» ФК тізгінін ұстады. Кейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері лауазымына шақырылып, алғаш рет UEFA аясындағы жарыстарда ресми ойын өткізді.

Құрамадан кейін ол Ресейде «Ростов», «Луховицы», «Сахалин», «Мостовик-Приморье» командаларын басқарды. 2016 жылы Қазақстанға оралып, өскемендегі «Алтай» командасын басқарды.