KZ
KZ RU
17 тамыз 2023 13:10
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XX туры Эдуард Сонның құрметіне өтеді

17 тамыз 2023 13:10

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XX туры Қарағанды футболының түлегі Эдуард Сонның құрметіне өтеді.

Эдуард Васильевич 1979 жылы Алматы спорт интернатына түсіп, кейін «Қайратқа» ауысты. Ол алматылық клубта алдымен жастар командасында ойнап, кейін негізгі құрамға түсті. КСРО армиясындағы қызметі «Искра» (Смоленск) командасының құрамында өтті, содан кейін ол «Днепрден» шақыру алды. Аталмыш командада Сон төрт маусым өткізіп, КСРО Кубогының иегері және чемпион атанды, сонымен қатар еурокубоктарда өнер көрсетті. 1990 жылғы маусымда 23 ойында 10 гол соғып, клубтың үздік сұрмергені атанды.

1980-1985 жылдар аралығында КСРО жасөспірімдер және жастар құрамаларында өнер көрсетті.

90-жылдардың басында ол Францияға қоныс аударды, онда ол «Газелек», «Перпиньян» және «Роан» сапында өнер көрсетті.