KZ
KZ RU
14 шілде 2022 17:14
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XX туры және Қазақстан Кубогының жартылай финал ойындары кейінге қалдырылды

14 шілде 2022 17:14

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Әкімшілігі Қазақстан футбол федерациясы тарапынан түскен Қазақстан ұлттық құрамасының 2022/2023 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының шешуші ойындарына дайындалуға қажетті жағдай жасау жөніндегі өтінішті назарға ала отырып, OLIMPBET-Чемпионатының 20-турының ойындарын 2022 жылғы 16-18 қыркүйектен аталмыш маусымның 15 қыркүйегіне ауыстыру туралы шешім қабылдады. 

УЕФА клубтық жарыстарының топтық кезеңіне қатысуы ықтимал отандық клубтардың OLIMPBET-Чемпионаты 20-турындағы ойындары 2022 жылдың 19-шы қазанына ауыстырылады. Сонымен қатар 19-шы қазанға жоспарланған OLIMPBET-Кубок жартылай финалының ойындары 9 қарашаға ауыстырылады.