KZ
KZ RU
01 қазан 2022 16:51
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XXI туры Сергей Квочкинді еске алуға арналады

01 қазан 2022 16:51

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XXI туры отандық футболының тарихындағы ең мықты шабуылшылардың бірі Сергей Прокопьевич Квочкинді еске алуға арналады.

Сергей Прокопьевич Өскемен қаласында дүниеге келді, бірақ өзінің футболдағы кәсіби мансабын әскердегі қызметінен кейін алматылық «Қайраттың» сапында бастады. Алматылық клубта ол жалпы алғанда 300-ге жуық матч өткізіп, 74 голмен көзге түсті.

Одақтың жоғары лигасындағы Қазақстанның екінші сұрмергені болып табылады. КСРО клубтарының құрамында өнер көрсетіп, Латын Америкасы бойынша сапарға аттанып, аты аңызға айналған «Маракана» стадионында бразилиялық «Флумененсе» қақпасына гол соғып тарихта қалды. «Қайраттан» бөлек павлодарлық «Строитель» мен туған «Восток» клубтарында өнер көрсетті.

Ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін Квочкин «Восток», көкшетау «Торпедо» және «Екібастұзда» клубтарында қызмет атқарды.

Өмірінің соңғы күндеріне дейін Сергей Прокопьевич өзін толықтай футболға арнап, балаларды жаттықтырумен айналысты.