KZ
KZ RU
13 қыркүйек 2023 10:24
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XXII туры Асқар Қожабергеновтың құрметіне өтеді

13 қыркүйек 2023 10:24

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының  XXII туры Қазақстан құрамасының экс-футболшысы Асқар Қожабергеновтың құрметіне өтеді.

Асқар Сейдахметұлы футболшы мансабын алматылық Скиф командасында бастады, одақ уақытында «Қайрат», «Шахтер», «Жетісу», «Химик» (Жамбыл) командалары сапында жасындай жарқылдады. Қазақстан чемпионаты тәуелсіздік алғаннан кейін «Қайрат», «Достық» және «Ақтөбе» сапында өнер көрсетті.

Жалпы КСРО чемпионаттарында 200-ге жуық ойын, ал Қазақстан чемпионатында 127 ойын өткізіп, 14 гол соқты. 1993/94 жылдардағы маусымда «Пройссен 07» атты немістердің үшінші лигасында өнер көрсететін командаға шақырту алды.

Қожабергенов «Қайрат» командасымен бірге ел чемпионы атанды. Алтын медальдардан бөлек ол Чемпионаттың екі қола медалін жеңіп, екі мәрте Қазақстан кубогының иегері атанды.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық құраманың алғашқы ресми ойынына қатысты.

Ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Тобыл», «Сұңқар», «Жетісу»,  «Екібастұз», «Атырау», «Хан-Тәңірі» клубтарында бапкерлік штабында жұмыс істеді, сонымен қатар Қазақстан жастар құрамасының бапкерлер штабына кірді.

Асқар Сейдахметұлы 2023 жылғы маусымды Бірінші Лиганың «Хан-Тәңірі» клубының бас бапкері ретінда бастап, содан кейін Чемпионтқа қатысатын талдықорғандық «Жетісу» клубынан шақырту алды.