22 қыркүйек 2023 16:37
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XXIII туры Олимпиада чемпионы Евгений Яровенконың құрметіне өтеді
22 қыркүйек 2023 16:37
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XXIII туры КСРО құрамасының құрамында 1988 жылғы Олимпиада чемпионы, Одақтың спорт шебері Евгений Яровенконың құрметіне өтеді.
Евгений Викторович Жамбыл футболының түлегі, «Химик» командасының құрамында алғашқы ойынын өткізіп, 1981 жылы «Қайрат» командасына ауысты. 1986 жылы ол команда капитаны атанды, 1987 жылғы маусымда алматылық клуб Одақ чемпионатында жетінші орынға ие болды, ал Яровенко чемпионаттың үздік 33 ойыншысының тізіміне бірінші нөмірмен кірді.
1989 жылы ол «Днепр» командасының ұсынысын қабылдады. Аталмыш клуб сапында КСРО кубогы мен чемпионаттың күміс медальдарын жеңіп алды. Содан кейін оның мансабында «Ротор» (Ресей), «Ворскла» (Украина), «Нива» (Украина), «Конту» (Финляндия), «Днепр» (Украина), «Сарыерспор» (Түркия), «Торпедо» (Ресей), «Кривбасс» (Украина) және «Металлург» (Украина) клубтары болды.
Ол КСРО олимпиадалық құрамасына шақырылды, онда ол үздік ойыншылардың қатарында болып, 88-жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирінің барлық матчтарында ойнады. Финалдық кезеңде Яровенко команданың беделді ойыншысы болып, финалда бразилиялық Ромариоға қарсы ойнады. Олимпиядалық құрамамен бірге 1988-жылғы Сеул жарысының алтын медальдарының иегері атанды. Одақтың негізгі құрамасы cапында екі матч өткізіп, 1988 жылғы Еуропа чемпионатының үміткерлер тізіміне енді, бірақ сол жылдың мамыр айында Яровенконың денсаулығы сыр беріп, қорғаушы соңғы тізімге кірмеді.
2003 жылы Қазақстанның соңғы 50 жылдағы ең көрнекті футболшысы (1954-2003) ретінде УЕФА мерейтойлық сыйлығына ие болды.
Мансабын аяқтап, Украинаның бірқатар командаларында бапкер болып жұмыс істей бастады, содан кейін Евгений Викторович әр жылдары «Есіл-Богатырь», Қазақстан жастар құрамасы мен «Тараз» командаларын жаттықтырды.
Басқа жаңалықтар