KZ
KZ RU
13 қазан 2022 10:17
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XXIII туры Ваит Талғаевтың құрметіне өтеді

13 қазан 2022 10:17

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XXIII туры қазақстандық футболшы және бапкер Ваит Абдулхамидович Талғаевтың құрметіне өтеді.

Ваит Талғаевтың футбол мансабы үш командамен байланысты. Ол кезінде «Алатау» деп аталған қазіргі «Тараз», «Қайрат» және «Терек» клубтарының тарихында із қалдырды.

Бапкер ретінде Ваит Абдул-Хамидович «Таразда», «Ертісте», «Кайсар-Харрикейнде», «Синтезде», «Атырауда» және «Жетісу», сонымен қатар ресейлік «Эрзу» және «Терек» клубатрында қызмет атқарды.

«Тараз» футбол клубының тізгінін ұстағаннан кейін ұлттық чемпионатты жеңіп алды, төрт рет жарыстың күміс жүлдегері атанды – «Атырау» және «Таразбен» екі реттен жетістікке қол жеткізді. «Терекпен» Ресей Кубогын иегері атанды, УЕФА Кубогының іріктеу кезеңіне қатысты, сондай-ақ екі рет Ресей Премьер-лигасына жолдамаға қол жеткізді.