KZ
KZ RU
04 мамыр 2022 09:21

Қазақстан OLIMPBET-Кубогы топтық кезеңінің жеребе тастау рәсімі бекітілді

04 мамыр 2022 09:21

4 мамырда Қазақстан OLIMPBET-Кубогының үшінші алғашқы кезеңінің аясында «Қайсар» - «Яссы» және «Жетісу» - «Жеңіс» ойындары өтеді. Кездесулердің қорытындысы бойынша жарыстың топтық кезеңіне қатысушылардың толық құрам белгілі болады.

Топтық кезеңге Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 14 клубы, сонымен қатар OLIMPBET-Кубогының алғашқы кезеңінде жеңімпаз атанған 2 клубы қатысады.

Топтық кезеңге қатысушы 16 клуб 4 себетке бөлінеді: бірінші себетке Еурокубоктарға қатысатын төрт команда – «Тобыл», «Астана», «Қайрат», «Қызыл-Жар СК» кірді. Келесі себеттер командалардың өткен маусымдағы OLIMPBET-Кубокта көрсеткен қорытындылары бойынша үлестірілді. Екінші себетте жарыстың финалисі «Шахтер», сонымен қатар екі жартылай финалдардың қатысушылары «Каспий» мен «Тараз» клубтары кірді. Төртінші команда болып топтық кезеңде үшінші орын алған ұжымдардың ішіндегі ең үздігі «Ордабасы» атанды.

Үшінші себетте өз топтарында үшінші орын алған «Ақжайық» және «Мақтаарал» командалары, сондай-ақ топтық кезеңде 4 орын алған 2 үздік команда «Атырау» және «Тұран» орналасады.

Төртінші себетке өткен жылғы жарысқа қатыспаған «Ақсу» командасы, алғашқы кезеңнің екі жеңімпазы, сонымен қатар Чемпионатқа қатысатын клубтардың ішінен өткен маусымда Кубоктың топтық кезеңінде ең аз ұпай жинаған «Ақтөбе» түседі.

Әр себеттен бір топқа бір команда түседі, содан кейін бірден әр топтың күнтізбесінің жеребесі тартылады.

Қазақстан OLIMPBET-Кубогының күнтізбесі:

1 тур. 8-10 шілде
1A-2A
3A-4A
1B-2B
3B-4B
1C-2C
3C-4C
1D-2D
3D-4D
 
2 тур. 15-17 шілде
2A-3A
4A-1A
2B-3B
4B-1B
2C-3C
4C-1C
2D-3D
4D-1D
 
3 тур. 22-24 шілде
3A-1A
2A-4A
3B-1B
2B-4B
3C-1C
2C-4C
3D-1D
2D-4D
 
4 тур. 29-31 шілде
1A-3A
4A-2A
1B-3B
4B-2B
1C-3C
4C-2C
1D-3D
4D-2D
 
5 тур. 5-7 тамыз
2A-1A
4A-3A
2B-1B
4B-3B
2C-1C
4C-3C
2D-1D
4D-3D
 
6 тур. 13-14 тамыз
3A-2A
1A-4A
3B-2B
1B-4B
3C-2C
1C-4C
3D-2D
1D-4D