KZ
KZ RU
13 сәуір 2022 15:07
OLIMPBET КУБОК

Қазақстан OLIMPBET-Кубогының үшінші алғашқы кезеңінің жеребесі ҚКФЛ сайтында көрсетіліеді

13 сәуір 2022 15:07

14 сәуірде Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде 2022 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы OLIMPBET-Кубогының үшінші алғашқы кезеңінің жеребесі тартылады.

Үшінші алғашқы кезеңге келесі командалар жолдама алды: «Жетісу» (Талдықорған), «Қайсар» (Қызылорда), «Жеңіс» (Нұр-сұлтан), «Яссы» (Түркістан).

Осы кезеңнің екі жеңімпазы Қазақстан OLIMPBET-Кубогының топтық кезеңіне шығады.

Жеребенің тікелей көрсетілімі елордалық уақыт бойынша сағат 15:00-де ҚКФЛ ресми сайтында жоспарланған.