KZ
KZ RU
09 ақпан 2024 15:28
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымына 14 клуб қатысады

09 ақпан 2024 15:28

Қазақстан футбол федерациясы футбол клубтарын лицензиялау Комиссиясының отырысы бойынша футболдан OLIMPBET - ҚР чемпионатына «Ордабасы» ФК, «Астана» ФК, «Ақтөбе» ФК, «Қайрат» ФК, «Қызыл-Жар СК» ФК, «Қайсар» ФК, «Атырау» ФК, «Тобыл» ФК, «Шахтер» ФК, «Жетісу» ФК, «Елімай» ФК, «Тұран» ФК және «Жеңіс» футбол клубтарына қатысуға рұқсат берілді.

Чемпионаттың тағы бір клубы жақын уақытта белгілі болады. Айта кетейік, «Мақтарал» ФК ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиялау ережесінің талаптарын орындамағаны және ең минималды талаптарға сәйкес келмегені үшін чемпионатқа қатысуға рұқсат берілмеді. Қатысушы клубтардың өзгеруіне байланысты футболдан OLIMPBET - ҚР чемпионатының күнтізбесі кейінірек жарияланады.