KZ
KZ RU
05 қыркүйек 2020 10:28

Қазақстан құрамасы Литвадан басым түсті

05 қыркүйек 2020 10:28

Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының жаңадан басталған турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Михал Билек шәкірттері жылдам гол соқты, ойынның бар болғаны 4-минутында Бақтиер Зайнутдинов баспен соққы жасап, Литва командасының қақпашысы Джюгас Барткусты қапы қалдырды. Кездесудің соңында Исламбек Қуат тамаша соққы жасап, ойынға нүкте қойды. Есеп – 0:2.

Қазақстан құрамасының бастапқы құрамында OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатынының клубтарында өнер көрсететін 7 ойыншы алаңға шықты: Стас Покатилов, Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп, Айбол Әбікен (барлығы «Қайраттан»), Александр Марочкин («Қайсар»), Юрий Перцух («Астана») және Сергей Малый («Тобыл»). Сонымын қатар алаңға бірінші минуттан шыққан он бір ойыншының ішінде Ресей чемпионатының өкілдері болды — «Ахмата» клубында ойнайтын Марат Быстров және ЦСКА командасының жаңа ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов. Және де команда сапында Бельгия чемпионатында ойнайтын бір ойыншы болды, ол — «Беерсхот» қорғаушысы Ян Вороговский. Капитан ретінде команданы алаңға «Аль-Айна» командасының жұлдызы Бауыржан Исламхан алып шықты.

Қосалқы құрамнан алаңға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатынының тағы екі өкілі қосылды, олар — «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Максим Федин және жарыстың үздік сұрмергені, «Қайрат» командасының шабуылшысы Абат Айымбетов. Исламбек Қуат біздің құрама сапындағы командасы жоқ жалғыз ойыншы.

Литва құрмасының сапында біздің чемпионаттың тағы бір өкілі, «Тараз» намысын қорғайтын Овидиус Вербицскас алаңға шықты.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ұлттық құраманың барлық жанкүйерлерін маңызды жеңіспен құттықтайды!