24 наурыз 2018 02:00
Қазақстан құрамасы Венгрияны жеңді
24 наурыз 2018 02:00
Қазақстан құрамасы ұлттық команданың бас бапкері Станимир Стоиловтың бірінші ойынында Будапештте Венгрия құрамасын жеңді.
Біздің отандастар есепті ойынның басында ашты - 6 минутта Роман Муртазаев гол соқты. Бірнеше минуттан кейін құрама сапында алғашқы добын соққан Бахтиер Зайнутдинов есепті еселеді. Біраз уақыттан кейін команданың тағы бір дебютанты, Еркебұлан Сейдахмет, венгрлер құрамасына тағы бір доп соқты. Кездесудің бірінші бөлігі 1:3 есебімен аяқталды.
Кездесудің екінші таймында ойын басқаша өрбіді - Стоилов ойыншылары қорғанысқа көңіл бөлді, ал қарсыластардың шабуылдары уақытында тоқтатылды. Алайда, қарсылас команданың шабуылшысы Немет Эричтің қақпасына екінші гол соға алды.
3:2 - Қазақстан құрамасы азулы қарсыластан басым түсті. 27 наурызда еліміздің бас командасы Венгрияда тағы бір жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Қарсылас - Болгария құрамасы.
Венгрия құрамасының негізгі құрамында Қазақстан Премьер-лигасында ойнайтын екі футболшы өнер көрсетті - олар Ласло Кляйнхайслер ("Астана") и Акош Элек ("Қайрат").
Венгрия — Қазақстан - 2:3 (1:3)
Голдар: Мұртазаев 6 (0:1), Зайнұтдинов 10 (0:2), Салаи 21 (1:2), Сейдахмет 30 (1:3), Немет 68 (2:3)
Казахстан: Эрич, Шомко, Малый, Постников, Бейсебеков, Қуат (Ахметов 84), Зайнұтдинов (Парагульгов 73), Исламxан (Мирошниченко 90+3), Мұртазаев (Сүйімбаев 88), Сейдаxмет (Перцух 60), Хижниченко (Тұнғышбаев 76)
23 наурыз. Будапешт (Венгрия). «Групама Арена».
Басқа жаңалықтар