KZ
KZ RU
06 маусым 2018 00:07

Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды ірі есеппен ұтты

06 маусым 2018 00:07

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Әзірбайжан командасын қабылдап, жолдастық ойында жеңіске жетті.

Өте қызықты өткен ойын «Астана Арена» стадионына жиналған жиырма мыңнан астам жанкүйердің сенімін ақтады. Қазақстан құрамасы ойынның басынан бастап соңына дейін үстемдік құрып, қарсыластың қақпасына үш гол соқты.

Кездесудің 12-минутында шабуылшы Роман Муртазаев есеп ашса, екі минуттан кейін Серікжан Мужиков есепті еселеді.  

Ойын екінші таймда алаңға шыққан Бактиер Зайнутдиновтің әдемі голымен аяқталды – 3:0.

Қазақстан — Әзірбайжан – 3:0 (2:0)

Голдар: Муртазаев 12 (1:0), Мужиков 14 (2:0), Зайнутдинов 90 (3:0)

Қазақстан: Эрич, Малый, Шомко (к) (Сүйімбаев 52), Постников, Бейсебеков, Мужиков (Зайнутдинов 64), Исламхан (Вороговский 89), Қуат (Логвиненко 68), Тұңғышбаев (Жуков 53), Муртазаев, Щеткин (Тұрысбек 82)

5 маусым. Астана. «Астана Арена».

Фото: kff.kz