KZ
KZ RU
18 ақпан 2023 11:27

Қазақстан Суперкубогы «Mega Silk Way» сауда орталығында

18 ақпан 2023 11:27
18-23 ақпан аралығында Қазақстан OLIMPBET-Суперкубогын жариялау аясында аталмыш жүлде «Mega Silk Way» сауда орталығының бірінші қабатында жанкүйерлер назарына қойылды. Беделді трофейді ел чемпионы «Астана» және Кубоктың иегері «Ордабасы» сарапқа салады.
 
Қазақстан Суперкубогымен кез-келген жанкүйер суретке түсе алады.
 
Аталмыш ойын 25 ақпанда «Астана Арена» СК алаңында өтеді. Басталуы сағат 15:00-де.
 

Билеттерді ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.