KZ
KZ RU
17 ақпан 2019 09:36

Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін ойынның билеттері сатылымға шықты

17 ақпан 2019 09:36

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы «Астана» мен «Қайрат» арасында өтетін 2019 жылғы Қазақстан Суперкубогының матчына билеттердің сатылымға шыққанын хабарлайды. 

 
Билеттерді «Тикетон», Zakazbiletov.kz, Kassir.kz интернет-сервистері мен «Қайрат» футбол клубының ресми сайтынан сатып алуға болады. 
 
Билеттердің бағасы 500 теңгенден басталады. 
 
2019 жылғы Қазақстан Суперкубогы 3 наурыз күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді. Басталуы - 15:00.