KZ
KZ RU
06 ақпан 2018 17:38

Қазақстан Суперкубогы: үздік сұрмергендер

06 ақпан 2018 17:38
Бір айдан кейін еліміздегі кезекті футбол маусымын ашатын 2018 жылғы Қазақстан Суперкубогы үшін ойын өтеді. Беделді трофей үшін «Астана» мен «Қайрат» таласпақ. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Суперкубоктың үздік сұрмергендерін еске алуды ұсынады.

Суперкубоктық ойындарда гол соққан барлығы 15 ойыншы бар. Бұл тізімде төртеуі легионер болып табылады.  

Бірақ, біздің рейтингке ойыннан кейінгі пенальти сериясында гол соққан ойыншылар кірмегенін ескертеміз.  

13 ойыншы отандық футболдың тарихына Суперкубоктық ойындарда бір доп соғу арқасында кірді.  

«Елімай» сапында өнер көрсеткен Андрей Мирошниченко Қазақстан Суперкубоктар тарихындағы алғашқы голдың авторы атанды. Сол ойында Борис Глушковта канжығасын майлады. Естеріңізге сала кетейік, Суперкубок үшін бірінші ойын 1995 жылы өткізілген болатын – бұл трофей үшін алғаш рет «Елімай» мен «Восток» таласқан.  

Сонымен қатар бұл тізімге Евгений Аверченко («Ақтөбе» сапында ойнап, сол соққан), Александр Кислицын («Тобыл»), Қайрат Әшірбеков («Ордабасы»), Мақсат Байжанов, Андрей Порываев, Жамбыл Көкеев (барлығы - «Шахтер»), Сергей Остапенко, Фокси Кетевоама (екеуіде - «Астана»), Данило Неко («Ақтобе»), Сезар Арзо и Исламбек Қуат (екеуіде - «Қайрат») сынды ойыншылар кірді.

 
Біздің тізімнің екінші орнында 2011 жылғы Суперкубокта екі гол соғып тарихта қалған шабуылшы Игорь Бугаев кірді. Сол маусымда «Астана» сапында өнер көрсеткен молдавиялық ойыншы «Тобыл» қақпасының торын тулатты. Екі доптың біреуі пенальтиден соғылғанын айта кеткені жөн.
 
 
 
Ал рейтингтің көшбасшысы болып ресейлік ойыншы Сергей Струков атанды. Тәжірибелі шабуылшы «Ақтөбеге» екі мәрте бұл беделді трофейді жеңіп алуға мүмкіндік берді. 2008 жылғы маусымда Струков «Тобыл» қақпасына допты екі рет туралады. Сол себепті ойыннан кейін Сергей кездесудің үздік ойыншысы атанғаны таңқалдырмайды. 2010 жылы шабуылшы тағы бір доп соқты – бұл ретте «Атырау» қақпасына. Нәтижесінде Сергей Струковтың қанжығасында үш гол бар.
 
 
 
Қазақстан Суперкубогының үздік сұрмергендері:

 

1.Сергей Струков – 3 гол
 
2. Игорь Бугаев – 2 гол
 
3–15. Андрей Мирошниченко, Борис Глушков, Евгений Аверченко, Александр Кислицын, Қайрат Әшірбеков, Мақсат Байжанов, Андрей Порываев, Жамбыл Көкеев, Сергей Остапенко, Фокси Кетевоама, Данило Неко, Сезар Арзо и Исламбек Қуат – 1 гол
 
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Қазақстан Суперкубогын 4 наурызда өткізу жоспарланған.   
 
ҚКФЛ мұрағаты және де kaz-football.kz, «Астана» ФК сайттарының суреттері қолданылған.