KZ
KZ RU
27 ақпан 2017 12:07

Қазақстан Суперкубогының тарихы: беделді олжа үшін айқастар қалай өтті

27 ақпан 2017 12:07

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы осы олжа үшін бәсекелер қалай өткенін еске алады.

Алғаш рет Суперкубокты семейлік «Елімай» командасы иеленген болатын. 1995 жылы олар өскемендік «Восток» командасымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңген екен. Голдардың авторлары – Андрей Мирошниченко және Борис Глушков. 

Содан кейін бірнеше жыл бойы осы олжа үшін ойындар өткізілмеген. 2008 жылы үлкен үзілістен кейін Суперкубок тағы да сарапқа салына бастады. Оңтүстік астанамыздың Орталық стадионында өткен ойында «Ақтөбе» мен қостанайлық «Тобыл» кездесті. Екі голды соққан ресейлік шабуылшы Сергей Струков ақтөбеліктерге жеңіс әкелді.

 

Тобыл — Ақтөбе 0:2 (0:1)
ГолдарСтруков 14 (0:1), Струков 88 (0:2)
Сары қағаздарДимитров 20, Тарасенко 27, Нұрғалиев 86 - Косолапов 19, Бадло 48, Митрофанов 53, Головской 55
Тобыл (Қостанай): Багинский, Мұқанов, Тарасенко, Димитров, Нұрдәулетов, Скорых, Балтиев, Юрин (Голбан 46), Әубәкіров (Нұрғалиев 46), Жұмасқалиев, А.Ал. Петухов (Яковлев 75)
Ақтөбе (Ақтөбе): Дехканов, Бадло, Митрофанов (Логвиненко 90), Кенжисариев, Косолапов, Смақов, Асанбаев, Хайруллин (Пушкарев 90), Ирисметов (Богомолов 65), Струков, Головской
ТөрешілерСалий (Өскемен), Самойлов (Көкшетау), Жаппасбаев (Қызылорда)
наурыз 2008 жыл. Алматы. Орталық стадион. 12 000 көрермен. 

Арада екі жыл өтіп, «Ақтөбе» клубы Суперкубокты тағы да иеленді. «Астана Аренада» олар батыс дербиінде атыраулықтарды тізе бүктірді. Сол ойында Сергей Струков пен Евгений Аверченко мергендік танытты. 

Ақтөбе — Атырау 2:0 (1:0)
Голдар: Струков 42 (1:0), Аверченко 80 (2:0)
Сары қағаздар: Седельников 17
Ақтөбе: Сидельников, Логвиненко, Смақов (к), Досмағамбетов (Серікжанов 89), Бадло, Кенжисариев, Аверченко, Дарабаев, Эссомба (Тілешев 46), Головской, Струков (Байжанов 90)
Атырау: Шабанов, Жұмабаев (Чуреев 87), Воротников, Шумейко, Алиев, Седельников, Коструб, Мамонов (Ларин 84), Зунунов, Пейкришвили, Тәтішев (Шакин 64)
ТөрешілерДузмамбетов (Өскемен), Попов, Сүйінов (екеуі де — Павлодар), Бобров (Карағанды)
14 наурыз 2010 жыл. Астана. «Астана Арена». 8 000 көрермен.

2011 жылы астаналық «Локомотив» (қазіргі «Астана») алғаш рет Суперкубоктың жеңімпазы атанды. Қос голдың авторы Игорь Бугаев өз командасына жеңіс әкелді. 

Тобыл - Локомотив  1:2 (0:1)

Голдар: Бугаев 15 (0:1), Кислицын 54 (1:1), Бугаев 60 - пенальтиден (1:2) 

Сары қағаздарКучера 60, Богданов 62, Азовский 65, Щептицький 85
Тобыл: Петухов, Кислицын (Шептицький 72), Кучера, Лотов (к), Овшинов, Юрин, Волков, Богданов, Қуантаев, Сливич (Костюк 46), Гридин
Локомотив: Белкин, Нұрдәулетов, Рожков, Гурман, Киров, Шомко (Даутов 85), Карпович (К) (Шахметов 41), Азовский, Жұмасқалиев, Богавац (Конысбаев 68), Бугаев
ТөрешілерАйдын Рахымбаев (Алматы), Василий Бондар (Карағанды), Серік Жаппасбаев (Қызылорда)
2 наурыз 2011 жыл. Астана «Астана-Арена». 4 100 көрермен.

Келесі жылы шымкенттік «Ордабасы» да өз жанкүйерлерін осындай жеңіспен қуантты. Қарағандылық «Шахтер» командасына қарсы ойында Қайрат Әшірбеков әдемі гол соғып, матчтан кейін капитан ретінде олжаны бірінші болып биікке көтерді. 

Шахтер - Ордабасы 0:1 (0:0) 
Гол: Әшірбеков 58 
Сары қағаздарПорываев 54, Василевич 60, Каньяс 84 - Арури 53, Трайкович 86 
Шахтер: Мокин, Киров, Василевич, Джидич, Парываев, Вичюс, Көкеев, Боровский (Лунин 64), Байжанов (Каньяс 69), Хижниченко (Досманбетов 81), Финонченко 
Ордабасы: Бекбаев, Б.Қожабаев, Мвесигва, Ирисметов, Трайкович, Арури, Карпович, Әшірбеков, Касьянов, Пахолюк (Гуйе 81), Тәжімбетов (Бейсенов 90)
Төрешілер: Руслан Дузмамбетов (Өскемен), Андрей Попов, Рустам Сүйінов (екеуі де - Павлодар)
6 наурыз 2012 жыл. Астана. «Астана Арена». 12 000 көрермен.

2013 жылы қарағандылық «Шахтер» мен «Астана» арасындағы ойын өте тартысты өтті. Алдымен Мақсат Байжанов пен Андрей Парываев астаналықтар қақпасына екі доп салса, содан кейін Фокси Кетевоама және Сергей Остапенко тараз басын теңестірді. Қосымша уақытта «кенші» Жамбыл Көкеев бұрынғы командасының қақпасына керемет гол соғып, қарағандылықтарға жеңіс сыйлады. Есеп – 3:2. 

Шахтер-Астана 3:2 (0:0)
Голдар: Байжанов 55 (1:0), Порываев 60 (2:0), Кетевоама 64 (2:1), Остапенко 90 (2:2), Көкеев 117 (3:2)
Сары қағаздарКаньяс 67, Малый 104, Порываев 111 - Нөсербаев 120 
«Шахтер»: Мокин, Симчевич, Малый, Василевич, Порываев, Лунин, Каньяс, Байжанов, Көкеев (Семлер 118), Тәжімбетов (Хижниченко 77), Финонченко (Вичюс 82) 
«Астана»: Эрич, Нұрдәулетов, Зелао, Бейсебеков, Дмитренко, Қонысбаев (Кояшевич 61), Коробкин, Киров, Кетевоама (Цыгырлаш 83), Остапенко, Ивановски (Нөсербаев 63) 
ТөрешілерИгорь Хисамутдинов (Павлодар), Андрей Попов, Рустам Сүйінов (екеуі де — Павлодар)
наурыз 2013 жыл. Астана. «Астана-Арена». 11 200 көрермен.   

«Ақтөбе» клубы өз тарихындағы үшінші және қазіргі күнге соңғы Суперкубогын 2014 жылы жеңіп алды. Астанада өткен ойында ақтөбеліктер «Шахтердан» 1:0 есебімен басым түсті. Жалғыз голдың авторы - бразилиялық шабуылшы Данило Неко. 

Ақтөбе-Шахтер 1:0 (0:0)
Гол: Неко 68 (1:0)
Сары қағаздарЛогвиненко 32, Қонысбаев 58 - Симчевич 38
Ақтөбе: Сидельников, Мулдаров, Бадло, Мирошниченко, Хайруллин, Неко (Тағыберген 90), Арзуманян, Коробкин, Логвиненко, Гейнрих (Шабалин 89), Кападзе (Пизелли 72)
Шахтер: Мокин, Симчевич, Малый, Василевич, Порываев, Қонысбаев, Байжанов, Фернандес (Саломов 83), Финонченко, Муртазаев (Лунин 77), Топчагич (Мурзоев 70)
ТөрешілерРуслан Дузмамбетов (Өскемен), Сергей Васютин, Самат Тергеусізов (екеуі де — Алматы)
9 наурыз 2014 жыл. Астана. «Астана-Арена». 14 000 көрермен.  

Содан бастап футбол маусымын енді үш жыл қатар тек «Астана» мен «Қайрат» ашады. 2015 жылы астаналықтар матч соңындағы пенальтиден ұтса, келесі жылы «Қайрат» олардан кек алды. Тағы да жеңімпаз пенальти сериясынан кейін анықталды. 

Астана-Қайрат 0:0 қосымша уақыт. 0:0, пен. 3:2
Пенальти: Дарабаев (қақпашы) - 0:0, Шомко (қақпадан жоғары кетті) - 0:0, Маркович (қақпашы) - 0:0, Аничич - 1:0, Риера - 1:1, Каньяс - 2:1, Плиев (маңдайша) - 2:1, Конысбаев (қақпашы) - 2:1, Рудосельский - 2:2, Кетевоама (маңдайша) - 2:2, Калинин (қақпашы) — 2:2, Бейсебеков - 3:2
Сары қағаздар: Аничич 87
Астана: Эрич, Максимович, Постников, Родионов (Жуков 65), Кетевоама, Аничич, Каньяс, Шомко, Твумаси (Щеткин 98), Бейсебеков, Жолшиев (Қонысбаев 71)
Қайрат: Плотников, Қуантаев, Рудосельский, Маркович, Плиев, Гурман, Бакаев, Исаэль (Дарабаев 80), Исламхан (Калинин 97), Риера, Гоу (Сисей 80)
ТөрешілерЙонас Эрикссон, Даниэль Вернмарк, Даниэль Густавссон (барлығы – Швеция) 
наурыз 2015 жыл. Астана. «Астана Арена».  20 000 көрермен.  

«Астана» - «Қайрат» 0:0, қосымша уақыт 0:0, пен. 4:5
Пенальти: Каньяс - 1:0, Исламхан - 1:1, Аничич - 2:1, Бруно Соарес - 2:2, Щеткин (қақпашы) - 2:2, Риера - 2:3, Максимович (қиыс кетті) - 2:3, Ли (қақпашы) - 2:3, Твумаси - 3:3, Гоу (қақпашы) — 3:3, Бейсебеков - 4:3, Тимощук - 4:4, Мужиков (қақпашы) — 4:4, Тесак - 4:5
Сары қағаздарКаньяс 46, Твумаси 69 - Маркович 22, Тесак 90, Тимощук 103, Гоу 106
«Астана»: Эрич, Бейсебеков, Постников (Гурман 89), Аничич, Максимович, Каньяс, Твумаси, Деспотович (Щеткин 89), Шомко, Мужиков, Нусербаев (Шаихов 107)
«Қайрат»: Плотников, Исаэл (Риера 106), Гоу, Қуантаев, Тимощук, Маркович, Бруно Соарес, Тесак, Бакаев, Дарабаев (Ли 65), Исламхан
Бас төрешіРавшан Ирматов (Өзбекстан)
наурыз 2016 жыл. Астана. «Астана Арена». 14 500 көрермен.

Осы жылы Суперкубокта кім топ жаратынын жақында білетін боламыз. Сонымен, Алматының Орталық стадионы, сағат 15.00-де «Астана» - «Қайрат» ойыны! Жіберіп алмаңыздар!

Суреттер kaz-football.kz, Қазақстан футбол федерациясының сайтынан, "Астана", "Қайрат" футбол клубтарының және vesti.kz сайттарынан алынған