KZ
KZ RU
07 шілде 2021 18:54

Қазақстандық клубтар Еуропадағы жорыған бастайды

07 шілде 2021 18:54

Жаңа маусымдағы еурокубоктық жарыстарда қазақстандық клубтар арасында алғашқы ойынды «Қайрат» ФК өткізеді.

Бүгін алматылық клуб УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында израильдік «Маккаби Хайфа» клубына қарсы сырт алаңда ойнайды. Қарымта кездесу 14 шілдеде Алматыда жоспарланған.

«Астана», «Тобыл» және «Шахтер» футбол клубтары УЕФА су жаңа турнирі Конференциялар лигасына қатысады. Біздің клубтар аталмыш турнирдің екінші кезеңінен бастап өнер көрсетеді.

Елордалық «Астана» турнирдің екінші іріктеу кезеңінде 22 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында грекиялық «Ариспен» бақ сынасады. Қостанайлық «Тобыл» ағымдағы айдың 22 жұлдызында хорватиялық «Хайдукпен» алғашқы кездесуін қонақта өткізеді. Қарағандылық «Шахтер» сол күні Румынияның «Стяуа» клубымен ойнайды. Қарағандылықтардың алғашқы ойыны сырт алаңда өтеді. Барлық қарымта кездесулер 29 шілдеге жоспарланған.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы еурокубоктарға қатысатын барлық отандық клубтарға дайындықтарын жоғары деңгейде пысықтап, ойындарда сәттілік тілейді!