KZ
KZ RU
14 желтоқсан 2016 16:02

Қазақстанның үздік ойыншысы Бауыржан Исламханның 2016 жылғы фотобаяндамасы

14 желтоқсан 2016 16:02

Маусым Исламхан және «Қайрат» үшін сәтті басталды. «Астана Арена» стадионында қайраттықтар «Астананы» жеңіп, Суперкубок иегерлері атанды. Ал Исламхан болса, капитан ретінде осы олжаны бірінші болып биікке көтерді.

Осы маусымда Исламхан өзінің жеке рекордын жаңартты – оның есепшотында 17 соғылған гол.

Осы суретте Исламханның Стаменковичтің қақпасына қалай гол соққанын көре аламыз. 

 

Ыңғайлы жағдай туғанда, Бауыржан клубтастарға бірден нәтижелік пастар беруге тырысты. Нәтижесінде, үздік ассистенттің қоржынында олардың саны – 9. 

 

2016 жылы Исламхан пенальтиді де сәтті орындады. Сегіз мүмкіндіктің ішінде алтауында мергендік танытты.  

 

«Қайратта» Исламхан – беделі жоғары футболшы.

Осы суретте Бакаев пен Гоудың Исламханды кезекті голпен құттықтағанын көріп тұрмыз.

Алаңда Исламхан еш қиындықсыз екі-үш ойыншыны алдай алады.

 

Даңқты футболшы болса да, әрбір жанкүйерге көңіл бөлуге тырысады...

…Ал әр голдан кейін Бауыржан оны қолдағаны өз үшін алғысын айтуды ұмытпайды.

Ең бастысы, футбол – командалық ойын. Осы сөздерді Исламхан кез-келген сұхбатта қайталайды.

«Қайратта» Тимощук пен Аршавин секілді ойыншылардың қасында Исламханның деңгейі тез жоғарылайды.

ҚКФЛ және "Қайрат" футбол клубының суреттері қолданылған