KZ
KZ RU
19 қазан 2017 23:19

Азамат Айтқожин: Астананы сенімді және айқын жеңіспен құттықтаймын!

19 қазан 2017 23:19

 - Бүгін "Астана" футбол клубы УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі бірінші жеңісіне қол жеткізді! Бұл жеңіс сенімді және соғылған голдарға толы болып, еліміздің барлық жанкүйерлерін қуантты!  

Елордалық ұжым үйлесімді және шабуылға толы футбол көрсетіп, Изараильдің беделді клубтарының бірін "Маккаби" Тель-Авивті жеңді. "Астана" футболшылары қарсыласты барлық параметрлер бойынша басым түсіп, кездесудің басынан аяғына дейін ойын тізгінін ұстады. Қазақстандық және шетелдік ойыншылардан құрылған команда жоғары деңгейлі футбол көрсете білді.  

Бұл жеңіс "Астананы" Еуропа Лигасында сәтті өнер көрсетуге ынталандыратынына және біздің чемпионға осы халықаралық турнирде үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Мен елордалық клубтың басшыларын, бапкерлік штабын және ойыншыларын, сонымен қатар барлық жанкүйерлерді осы керемет жеңіспен құттықтаймын!