KZ
KZ RU
08 желтоқсан 2017 01:55

Азамат Айтқожин: Қазақстанды Астананың бұл тарихи жетістігімен құттықтаймын!

08 желтоқсан 2017 01:55

"Астана", Прагада чехиялық "Славияны" 1:0 есебімен жеңіп, қазақ футболының тарихында алғаш рет УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңінен өтіп, еуропалық айтулы жарыстың 1/16 финалына шықты. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Азамат Айтқожин елордалық ұжымды және барлық жанкүйерлерді бұл тамаша жетістікпен құттықтады: - Бүгінгі түн сөзсіз қазақ футболының тарихына кіреді. Алғаш рет біздің еліміздің өкілі еурокубоктық жарыстың "көктемдік" кезеңінде күресті жалғастырады! Бұл шыныменде "Астананың" соңғы жылдардағы ауқымды еңбегін көрсететін үлкен жетістік. Елордалық ойыншылар кезекті рет елді, футбол сүйер қауымды қуантып, күллі әлемге Қазақстанның атын шығарды, себебі "Славиямен" болған ойын тікелей эфирде барлық континенттерде көрсетілді! Мен "Астана" футбол клубының басшылығын, әкімшілігін, бапкерлік штабын, ойыншыларын, яғни, осы жетістікке қол жеткізу жолында тынбай еңбек еткен барлық адамдарды құттықтаймын! Алда біздің футболдың жаңа жеңістері күтуде! Алға, Қазақстан! Алға, "Астана"!