KZ
KZ RU
31 шілде 2017 14:19

Азамат Айтқожин: Көпшілік ойындардың нәтижесін болжау қиын

31 шілде 2017 14:19

Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасының Президенті аяқталғалы тұрған футбол Чемпионатының екінші айналымы және Бергер таблицасы бойынша құрылған үшінші айналымның күнтізбесі туралы өз сұхбатында айтып өтті.  

- Азамат Серікұлы, Чемпионаттың 2 айналымы бітіп қалды. Тек кейінге шегерілген "Астана" мен "Ордабасы" арасындағы ойын қалды. Қазақстанның басты футбол жарысының аралық айналымы туралы айтып өтсеңіз.

- Өтіп жатқан жылдың Чемпионаты қызықты. Көпшілік ойындардың нәтижелерін болжау қиын, ал кейбір ойындар жанкүйерлердің үмітін ақтады. 22 тур ішінде біздер әр түрлі футбол көрдік, бірақ жалпылап алсақ, бұл ойындардың деңгейі жоғары болды. Екінші айналымның бітуіне шынымен де бір ойын қалды, бірақ ол кездесудің нәтижесіне қарамастан турнирлік кестеде түбегейлі өзгерістер болмайды - "Астана" көшбасшы болып қалады, ал "Қайрат" пен "Ордабасы" елордалықтарды қуалауын жалғастырады.

- Көпшілік мамандардың пікірінше, чемпиондықтың тағдыры шешілген сияқты. "Астана" ұзап кетті, ал "Қайрат", маусым барысында даму жоспарын ауыстырып, таластан шеттеліп қалды.

- Алматылықтардың чемпиондық үшін таласты жалғастыратынына мен сенімдімін. "Астананың" кестесі оңай емес. Оларда әлі үш ойын бар, ал егер қазақстандықтардың қалауымен польшалық "Легияны" өтіп кетсе, УЕФА-ның жарыстарының бірінің топтық кезеңіне қатысуы кепіл болады - бұл Чемпиондар Лигасы немесе Еуропа Лигасы. Сондықтан "Қайраттың" кестесі әлдеқайда оңай болады, олар тек Чемпионат пен қазан айында болатын Қазақстан Кубогы үшін таласпақ. Сол себептен "алтынды" алуға мүмкіндік әлі бар.

- Өтіп жатқан чемпионат алғаш рет 3 айналымда өтеді. Келесі айналымның күнтізбесі қалай құрылмақ?

- Негізі күнтізбе қыста құрылған. Маусым күнтізбесінің жобасын клубтарға Чемпионат басталмастан бұрын жібергенбіз. Үшінші айналым сандармен көрсетілген - клуб екі айналымның нәтижесі бойынша қандай орын алды, күнтізбеде сондай нөмір беріледі. Футбол күнтізбесін құру қағидалары бар - көп жағдайларда олар Бергер кестесі арқылы құрылады, алайда тек 3 айналымда ойналатын күнтізбелерде емес. Біздер жергілікті БАҚ жазғандай ешқандай жеребе тарту ұйымдастырған жоқпыз. Сол себептен күнтізбені құру процедурасы ашық. Кестені бекітілген күннен бастап біздің ресми сайттан көруге болады.

- Егер "Астана" өзінің еуротурнирдегі жорығын жалғастыратын болса, елордалық клуб үшін үзілістер мен ойындарды басқа мерзімге ауыстыру мүмкіндігі қарастырылған ба?

- Әрине, резервті күндер де қарастырылған. Үшінші айналымда турлар екі ойын күніне бөлінеді, сондықтан "Астананың" өзінің өнер көрсету мүмкін болатын турниріне байланысты, Чемпионаттағы кездесулерін ойыншылардың қалпына келіп, халықаралық кездесулерге дайындалу үшін жылжытуға толықтай мүмкіндік бар.   

- Турнирден "шығып қалу аймағы" туралы сұрақ. Қазіргі уақытта турнирлік кестенің екінші бөлігіндегі командалар өзін Бірінші лигаға ұшып кетуден сақтап қалған жоқ.

- Премьер-лигадан тікелей екі команда шығып қалады, бұл сіздерге белгілі. Ал 10-шы орын алған команда Бірінші лигада 3-ші орынға ие болған командамен өзара кездесу өткізеді. Егер Бірінші лигада үшінші орынды Премьер-лига клубының құрылымына кіретін команда ("Байқоңыр", "Қайрат А", "Шахтер-Болат") алса, онда жоғарыда айтылған ойынға кейінгі орын алған команданың қатысу құқығы бар.         

Турнирлік кестеде соңғы орында тұрған командалар туралы айтатын болсақ, аутсайдер командалардың ойыны көшбасшы командалардың кездесулерінен әлдеқайда тартысты болатынын ешкім ойламаған. Бұл жерде маңызды мәселеге оралғым кетіп тұр - бұл маусымда біздер "алтылыққа" бөлінуден бас тарттық. Сондықтан Премьер-лигада қалу үшін командалар барлық қарсыластармен күш сынасады, яғни көшбасшы командалармен де кездесуге тура келеді.

Аутсайдер-клубтар арасында өзара жанкүйерлерге қызық емес кездесулер болмайды. Командалар үшін қол жеткізген әр ұпай маңызды болмақ, бұл дегеніміз турнирлік кестенің соңғы жағында орналасқан командалар көшбасшыларға ұпайларды оңай бере қоймайды. Бұл командаларға медаль үшін таласта шиеленіс туғыза алатынына мен сенімдімін.   

Мен Чемпионаттың үшінші айналымында барлық командаларға сәттілік тілеймін! Клубтармен бірігіп  маусым барысында алаңдардың сапасын жақсарттық, ендігі қадамды тек командалар жасауы керек - барлық футбол сүйер қауым қалған 11 турда тек әділ бәсеке мен сапалы футбол көруге үміттенеді.

Қазақстан Чемпионатының күнтізбесі "цифрлық" түрде:

XXIII тур, 12-13 тамыз (сенбі-жексенбі)

6 – 12
7 – 5 
8 – 4
9 – 3
10 – 2
11 – 1

XXIV тур, 19-20 тамыз (сенбі-жексенбі)

12 – 11 
1 – 10
2 – 9
3 – 8
4 – 7
5 – 6

XXV тур, 26-27 тамыз (сенбі-жексенбі)

5 – 12
6 – 4
7 – 3
8 – 2
9 – 1
10 – 11

XXVI тур, 9 қараша (сенбі)

12 – 10
11 – 9
1 – 8
2 – 7
3 – 6
4 – 5

XXVII тур, 16-17 қараша (сенбі-жексенбі)

4 – 12
5 – 3
6 – 2
7 – 1
8 – 11
9 – 10

20 қарашаәрсенбі), резервті күн

XXVIII тур, 23-24 қараша (сенбі-жексенбі)

 12 – 9
10 – 8
11 – 7
1 – 6
2 – 5
3 – 4

XXIX тур, 30 қараша – 1 қазан (сенбі-жексенбі)

3 – 12
4 – 2
5 – 1
6 – 11
7 – 10
8 – 9

11 қазанәрсенбі), резервті күн

14 қазаненбі), Қазақстан Республикасының Кубогі, Финал

XXX тур, 15 қазан (жексенбі) *

12 – 8
9 – 7
10 – 6
11 – 5
1 – 4
2 – 3

*Қазақстан Кубогының финалына қатысатын командалардың ойыны автоматты түрде резервті күнге ауыстырылады

XXXI тур, 21-22 қазан (сенбі-жексенбі)

2 – 12
3 – 1
4 – 11
5 – 10
6 – 9
7 – 8

25 қазанәрсенбі), резервті күн

XXXII тур, 28 қазаненбі)

12 – 7
8 – 6
9 – 5
10 – 4
11 – 3
1 – 2

XXXIII тур, 5 қараша (жексенбі)

1 – 12
2 – 11
3 – 10
4 – 9
5 – 8
6 – 7