KZ
KZ RU
06 қараша 2017 11:37

Азамат Айтхожин: «Барлық футбол сүйер қауымды 26-шы Чемпионаттың аяқталуымен құттықтаймын!

06 қараша 2017 11:37

 Футболдан Премьер-Лига клубтарының арасындағы маусым аяқталды. Өткен маусымның қорытындысын Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының президенті Азамат Айтхожин жасады.

- Соңғы тур өте тартысты өтті. Чемпионаттың үш айналымда өтетіні туралы шешімі бекітілгенде, Премьер-Лига қызық болмайды деген күмәніңіз болды ма?

- Күмәнім мүлдем болған жоқ! Өткен жылы турнирлік кестенің ортасында тұрған клубтар чемпионатқа қызығушылығын жоғалтып, өзіне қойылған талаптарын да төмендетті. Бірақ осындай шешімге тез арада келу дұрыс емес. Себебі бірнеше жыл бойы екі топқа бөлінудің пайдасы да болды. Мысалы, осындай командалардың ортақ деңгейі көтерілді.

Енді Чемпионатқа қарайық! Әрбір турда тартысты ойындар толып жатыр. Кешегі Павлодарда өткен ойынды алсақ – оның нәтижесі тек  92-шы минутта Карлуш Фонсека соққан голдан ғана шешіліп, алаң иелеріне 4-ші орынды әкелді. Сол себептен мен тағы да жаңа формуланың Чемпионатқа жақсы әсер тигізетінін растаймын.

- Осы формуланы енді көршілес Өзбекстанда да енгізді. Әріптестеріміз осындай нұсқаның табысты екенін білдірді ме?

- Неліктен өзбек әріптестеріміздің жоғары лига командаларының санын кеміту деген шешіміне келгенін біз білмейміз. Бірақ, менің ойымша, көршілеріміз дұрыс жолмен барды. Біздің лигамыз Еуропадағы кәсіпқой футбол клубтарының саны аз елдерінің тәжірибесін алып, ТМД елдерінде бірінші болып енгізді. Осы схемаға 12 командамен ойнап жатқан Украина Премьер-Лигасы да көшпек.

- Соңғы турларда еліміздің стадиондарында алаңдардың сапасы жоғары деңгейде емес екені анық байқалды. ҚКФЛ Комиссиясы алаңдардың сапасын болашақта да қадағалай ма?

- Міндетті түрде. Оған қоса, біз қазірден бастап алаңдардың сапасын арттыру үшін комплекстік жұмысты атқару керек екенін кейбір клубтарға хабарладық. Біз клубтардың басшыларымен, спорт саласы үшін жауап беретін департаменттермен және облыс басшыларымен тығыз байланыстамыз.

- Премьер-Лига клубтары осы жылы маркетинг жағынан өте белсенді болды. Осы жұмысты ҚКФЛ жалғастыра ма?

- Осы салада белсенділікті арттыруды жоспарлаймыз. ҚКФЛ мүшелерінің Ортақ жиналасында Чемпионаттың ойындарын өткізудің Коммерциялық регламенті қабылданды. Келесі жылы жанкүйерлерді стадиондарға тартуға тырысамыз. Оның алғашқы қадамдарының бірі – қазіргі заманға сай мобильді құрылғыны жасау. Осы сұраққа тиянақты түрде кірістік. Маусым алдында ұзақ жұмыстың нәтижесімен барлықтарыңызды таныстырамыз.