KZ
KZ RU
08 қараша 2018 13:39

Қазан айының үздік ойыншысы мен бас бапкері таңдалды

08 қараша 2018 13:39
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы мен жаттықтырушысын таңдады.
 
Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:
 
Қазан айының ең үздік футболшысы атағын «Астана» командасының 20 жастағы жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов иеленді.
 
Қазан айының ең үздік футболшысы атағын «Астана» командасының жаттықтырушысы Григорий Бабаян алды.