KZ
KZ RU
10 қыркүйек 2017 15:18

Бүгін жаңа Қазақстан Кубогының танстыру рәсімі өтеді

10 қыркүйек 2017 15:18
Бүгін, 10 қыркүйекте, сағат 16:00-дан бастап Алматыдағы "Орталық" стадион Батыс трибунасының №5 есігінің алдында барлық жанкүйерлер үшін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы пен алматылық "Қайраттың" бірігіп ұйымдастырған фото-аймағы жұмыс жасайды.  
 
Қалаған адам жаңа Кубокпен суретке түсуге мүмкіндігі бар.
 
Бұл трофей қазақстандық шеберлердің жұмысы. Жаңа Кубок - әр ойында жеңіс бағасысың жоғарлығын, әр кезеңде ұшу ықтималдығының идеясын сипаттайтын трофей.
 

Кубок қола және күміс кортпаларынан құйылып, сыртынан алтын жаратылған. Ол мәрмәр тірекке орнатылып, фианитпен безендірілген.   

16 қыркүйекте Атырау қаласында "Атырау"-"Ақтөбе" ойынында осындай таныстыру атыраулық футбол сүйер қауымға жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 14 қазанда болатын Қазақстан Кубогының финалында сайысқа "Қайрат" пен "Атырау" түседі.