KZ
KZ RU
04 қазан 2022 08:56
ЕКІНШІ ЛИГА

Бақдәулет Зульфикаров - Екінші лиганың «Оңтүстік-Батыс» конференциясының қыркүйек айындағы үздік футболшысы!

04 қазан 2022 08:56

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы дәстүр бойынша 2022 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша Біріншіліктің «Оңтүстік-Батыс» конференциясының үздік ойыншысын анықтау мақсатында Екінші Лига командаларының бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама ұйымдастарды. 

Іс-шара қорытындысы бойынша «Тұран» жастар командасының шабуылшысы Бақдәулет Зульфикаров айдың үздік ойыншысы атанды. Тамызда шабуылшы төрт гол соғып, Екінші лигадағы сұрмергендер тізіміндегі көшбасшылығын нығайтты.

Айта кететіні, Зульфикаров алты ай қатарынан «Оңтүстік-Батыс» конференциясының үздігі атануда.

Сауалнамада екінші орын «Арыс» футболшысы Магомед Оджиевке бұйырды. Оның есебінде үш ойында соғылған 2 гол бар.

Кім кімге дауыс берді: