KZ
KZ RU
25 қаңтар 2016 11:30

Бағдат Ағниязов: «Ақжайық» 70-80 пайызға өз шәкірттерінен құрылған»

25 қаңтар 2016 11:30

- Бағдат Ғайзатоллаұлы, келесі маусымда команда сапында кімдер ойнамайтын болды?

- «Ақжайықтан» Матиц Марушко, Янко Валканов, Айдар Жақсыбек және Магамед Узденов кетті.

- Қай футболшылармен келісім-шарттар әлі жарамды?

- Командада биыл Роман Багаутдинов, Нұрболат Қалменов, Мейрам Спанов, Эльдар Абдрахманов, Еркін Тапалов, Сергей Шевцов, Руслан Қайыров, Николай Забродин, Бауыржан Омаров, Руслан Валиуллин, Иван Антипов және Алексей Мальцев қалады. Олар жаңа маусымда Орал қаласының намысын қорғамақ.

- Жаңадан ойыншылар келді ме?

- Иә, «Ақжайыққа» сербиялық Предраг Говедарица, Қазақстан құрама командасының бұрынғы ойыншысы Эдуард Сергиенко және парагвайлық Фредди Коренель келді. Осы ойыншылар жайлы толық ақпарат клубтың ресми сайтында шыққан.

- Жақында интернет сайттар Альмир Мухутдинов туралы жазды. Олардың ақпараты бойынша, осы жартылай қорғаушы «Ақжайық» сапында келуі тиіс еді.

- Осы футболшыны біз қарастырдық, бірақ командаға шақырған жоқпыз.

- Талғат Байсұфиновпен келісім-шарт қанша мерзімге жарамды?

- 2016 жылдың маусымына дейін Талғат Маруанұлы – «Ақжайықтың» бас бапкері.

- Орал футболының түлектері жаңа маусымда командада өнер көрсете ме? Егер ондайлар болса, олар кімдер?

«Ақжайық» командасы 70-80 пайызға өз шәкірттерінен құрылған.

- «Ақжайық» стадионында команда қаншаға дейін ойнайды?  

- Бас стадионының алаңын жарамды түрге келтірмегенше, команда «Ақжайық» стадионында ойнайтын болады.