KZ
KZ RU
25 шілде 2018 11:37

Бағдат Қайыров голы – Премьер-лиганың он тоғызыншы турының үздігі

25 шілде 2018 11:37

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың он тоғызыншы турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.

Өткен турда жанкүйерлер 14 голдың куәсі болды. Оның екеуі пенальтиден, біреуі - автогол.

Сауалнама дәстүр бойынша Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты мен «ВКонтакте» желісіндегі @pflkaz тобында жарияланды.

«Ақтөбе» қорғаушысы Бағдат Қайыровтың соққан голын жанкүйерлер үздік деп санады. Ақ-қызылардың қорғаушысы «Жетісу» қақпасына баспен гол соғып, есеп ашқан болатын. Сауалнама қорытындысы бойынша ол 2522 дауыс жинады.

 
Үздік үштік келесідей:
1. Бағдат Қайыров голы (Жетісу – Ақтөбе) – 2522 дауыс;
2. Темірлан Ерланов голы (Ордабасы – Қайрат) – 459 дауыс;
3. Дору Попадюк голы (Тобыл – Ертіс) – 80 дауыс.
 
Бағдат Қайыров голы «Шілде айының үздік голы» сауалнамасына қатысады.