БАҚ өкілдерінің назарына!
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Кубогының шешуші матчына аккредитация алу үшін ұсынымдарды қабылдауды бастайды.
Қазақстан Кубогының финалы 19 қараша күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді. Матч сағат 15:00-де басталады.
Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі және байланыс нөмірі жазылған, БАҚ жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) ҚКФЛ баспасөз қызметінің электронды поштасына (press@pflk.kz) жіберу керек.
Бұқаралық ақпарат құралдарының ұсынымдары 18 қарашаға дейін қабылданады. Аккредитациялық бейдждер матч алдындағы баспасөз мәслихатында қарашаның 18-і күні беріледі.
Матч алдындағы өтетін баспасөз маслихаты және командалардың ашық жаттығуларының басталу уақыты қосымша хабарланатын болады.
Анықтама телефоны: +7 (7172) 79-07-81.