KZ
KZ RU
16 ақпан 2023 14:09

БАҚ өкілдерінің назарына!

16 ақпан 2023 14:09

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогының ойынына БАҚ өкілдеріне аккредитация алу үшін өтініштер қабылдайды.

Ойын 2023 жылдың 25 ақпанында Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы елорда уақытымен 15:00-де.

Аккредитация алу үшін 22 ақпанға дейін журналистер тізімі, аккредитация түрі көрсетілген ұсынымды лиганың баспасөз қызметіне жіберу қажет. Ұсыным бұқаралық ақпарат құралы ресми бланкісінде ресімделуі тиіс, оған бас редактордың немесе басқа уәкілетті тұлғаның қолы болуы тиіс.

Барлық өтініштер press@pflk.kz электрондық поштасына жіберілу қажет.