KZ
KZ RU
06 желтоқсан 2016 09:45

Бауыржан Исламхан – 2016 жылғы Премьер-Лиганың үздік ойыншысы

06 желтоқсан 2016 09:45

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2016 жылғы Премьер-Лиганың үздік ойыншысын анықтау мақсатында өткізілген дауыс берудің қорытындысын жасады.

Дауыс беру кезінде жауап беруші үш фамилияны атауға мүмкіндік алды. Аталған бірінші ойыншы үш ұпайға иеленсе, екіншісі – екі ұпайға, ал үшіншісі – бір ұпайға иеленді. 

Бірінші орынға 46 ұпаймен Бауыржан Исламхан иеленді. Екінші орынды 27 ұпаймен маусымды «Ордабасы» сапында бастаған «Астана» ойыншысы Азат Нұрғалиев және «Қайраттың» шабуылшысы Жерар Гоу өзара бөлісті.

Төртінші орынға 15 ұпаймен павлодарлық «Ертістің» жартылай қорғаушысы Карлос Фонсека иеленді. Алғашқы бестікке 13 ұпаймен Андрей Аршавин да («Қайрат») кірді. Дауыс беру қорытындыларын осы сілтемелерге басып, көре аласыздар: бірінші бөлімекінші бөлім

Маусымның үздік бапкері атағына «Астананың» жаттықтырушысы Станимир Стойлов иеленді (83 ұпай). Екінші орында оның отандасы Димитар Димитров («Ертіс») – 34 ұпай. Үштікке тағы «Қайраттың» бапкері Кахабер Цхададзе кірді - 30 ұпай.

Дауыс беру қорытындыларын осы сілтемелерден көре аласыздар:  бірінші бөлімекінші бөлім.

«2016 жылғы Премьер-Лиганың үздік жас ойыншысы» номинациясында «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев жеңіске жетті. Оның қоржынында 49 ұпай. Екінші орында - ақтөбелік Дидар Жалмұқан (32 ұпай). Үшінші орында – «Ертіс» клубының сол қапталдағы қорғаушысы Григорий Сартаков – 19 ұпай. 

Дауыс беру қорытындыларын осы сілтемелерден көре аласыздар:  бірінші бөлімекінші бөлім.

Үздік 22 ойыншылар құрамасы: