KZ
KZ RU
09 қараша 2022 15:18

Бауыржан Омаров: «Кубокта жанкүйерлер алдында ақталғымыз келеді»

09 қараша 2022 15:18

«Ақжайық» футбол клубының капитаны Бауыржан Омаров Қазақстан OLIMPBET-Кубогының финалының алдында өз пікірімен бөлісті:

- Бізді Астанада қызықты ойын күтуде. Маусымның соңғы ойынында барынша беріліп ойнауға тырысамыз. Биыл, өкінішке орай, Премьер-лигадағы орнымызды жоғалтып алдық, сол себепті Кубоктың финалында жанкүйерлер алдында ақталып, жеңіс сыйлағымыз келеді. Менің ойымша, ойын қызықты болады.

Финал 2022 жылдың 12 қарашасында «Астана Арена» стадионында өтіп, 15:00-де басталады. Билеттер ticketon.kz сайтында сатып алуға болады. Олардың құны: 1000-2500 теңгеге аралығында.