03 сәуір 2014 09:32
Бауыржан Сәрсекенов ҚФФ құрама командалар департаментіне бапкер-селекционер болып тағайындалды
03 сәуір 2014 09:32
Өмірдерек.
Сәрсекенов Бауыржан Жолдасұлы
1955 жылдың 25 мамырында (58 жаста) Атырау облысында өмірге келген.
1981 жылы Қазақтың дене шынықтыру және спорт институтын (Алматы) тәмамдаған.
Футболшы ретінде "Труд" (Ақтау), "Нефтяник-Өзен" (Жаңаөзен), "Химик" (Степногорск), СКИФ (Алматы) командаларында өнер көрсеткен.
Бапкерлік мансабын 1981 жылы бастаған. сол жылы Маңғыстау облыстық БЖСМ-де бапкер болған.
Бапкерлік мансабы:
1986-1991 жж. – "Мұнайшы" ФК аға бапкері (Ақтау)
1992 ж. – «Мұнайшы» футбол мектебінің директоры (Ақтау)
1993 ж. – "Намыс" ФК бас бапкері (Алматы)
1994 – 1995 жж. – «Мұнайшы (Ақтау)
1996 ж. – «Ақжайық» ФК аға бапкері (Атырау)
1997 ж. - «Мұнайшы ФК аға бапкері (Ақтау)
1998 – 2000 жж. – ЦСКА ФК аға бапкері (Алматы)
2000 ж. – Қазақстан футбол одағының дамыту қорының директоры
2000 – 2004 жж. – "Қайрат" ФК жаттықтыру тобының бапкері (Алматы)
2001 – 2003 жж. – Қазақстан жасөспірімдер құрамаларының (U-15, U-16) аға бапкері
2004 ж. – Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-17) аға бапкері
2005 ж. – «Жетісу» ФК аға бапкері (Талдықорған)
2006 ж. – «Ордабасы» ФК аға бапкері (Шымкент)
2006 ж. – Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) аға бапкері
2007 ж. – «Каспий» ФК бас бапкері (Ақтау)
2008 ж. – ҚФФ құрама командалар департаментінің менеджері
2009 ж. – Шәріп Омаров атындағы "Жеңіс" ардагерлер клубының аға бапкері (Алматы)
2011 – 2014 жж. – Балалар-жасөспірімдер лигасының директоры (Алматы)
PRO UEFA жаттықтырушылық лицензиясының иегері
Қазақстан Республикасының еңбек сірірген жаттықтырушысы.
Мәскеудегі Футбол менеджменті жоғарғы мектебін тәмамдаған.
«Динамо» (Киев), «Спартак» (Мәскеу), «Штутгарт» и «Карлсруэ» (екеуі де – Германия) футбол клубтарында тәжірибеден өткен.
"Қазақстан футболына сіңірген еңбегі үшін" орденімен марапатталған.
Қазақстан ұлттық құрамасының Марат Шахметов, Жамбыл Көкеев, Марк Гурман, Артем Фомин сынды футболшыларын тәрбиелеп шығарған.
Қазақстан жасөспірімдер құрамаларында Юрий Логвиненко, Таңат Нөсербаев, Сабырхан Ыбраев, Захар Коробов, Сергей Шафф сынды көптеген футболшыларды тәрбиелеген.
Үйленген, қызы және екі жиен-немересі бар.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Басқа жаңалықтар