KZ
KZ RU
02 желтоқсан 2016 17:08

Бекжан Әбдірахман және Евгений Каптел - Екінші Лиганың үздік ойыншылары

02 желтоқсан 2016 17:08

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Екінші Лиганың үздік ойыншыларын анықтау үшін дауыс берудің қорытындысын жасады.

Осы сауалнамаға Екінші Лига клубтарының бапкерлері қатысты.

Дауыс беру кезінде жауап беруші үш фамилияны атауға мүмкіндік алды. Аталған бірінші ойыншы үш ұпайға иеленсе, екіншісі – екі ұпайға, ал үшіншісі – бір ұпайға иеленді.

Сөйтіп, «Екінші Лиганың үздік ойыншысы» атағын шымкенттік «СДЮШОР №7 командасының 21 жасар шабуылшысы Бекжан Әбдірахман және оның құрдасы, қостанайлық «Тобыл-U21» клубының форварды Евгений Каптел өзара бөлісті. Үштікке тағы «Қайрат» командасының жартылай қорғаушысы Мадияр Райымбек (3 - бірінші орын, 1 - екінші орын және 1 - үшінші орын) кірді. Оның есебінде 12 ұпай. Төртінші орынға «Шахтер» командасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев (8 ұпай), ал бесінші орынға астаналық Мәди Жақыпбаев (7 ұпай) иеленді.

 

 2016 жылғы маусымда Бекжан Әбдірахман 25 ойында 27 гол соқса, Евгений Каптел 24 матчта 20 рет мергендік танытты.

«Екінші Лиганың үздік бапкері» номинациясына «Қайрат-U21» командасының жаттықтырушысы Максим Шевченко иеленді. Оның есебінде 35 ұпай.

 

2016 жылғы Екінші Лиганың үздіктер құрамасы: