KZ
KZ RU
10 қазан 2013 13:37

Берiк Омарбеков - "Ордабасы" командасының президентi

10 қазан 2013 13:37
Оңтүстік Қазақстан облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев  «Ордабасы» кәсіби футбол командасының президенті Берік Омарбековті  ұжыммен  таныстырды.       
 
Берік Серікұлы Омарбеков  1980 жылы  11 ақпанда  Оңтүстік  Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында туылған. Жоғары білімді. 1993-2003 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ –дің дене тәрбиесі  факультеті, одан соң  заң факультетін   бітірді. 
Б. Серікұлы  бұған дейін   бірінші лига командаларының арасында  Оңтүстіктің  намысын қорғайтын  «Қыран» командасының басшысы қызметін атқарды.  Өткен   жылы  «Қыран» командасы алғашқы бестікке енді.
 
Кезінде Берік Омарбеков   1998-2002 жылдар аралығында   Шымкенттің «Жігер», 2002-03 ж.ж Тараздың «Тараз», 2003-04 жылдары    Алматының «Қайрат», ал, 2004-05 ж.ж Шымкенттің «Ордабасы» командасында орталық қорғаушы болып ойнады. Сол кездегі бас бапкер Б.Байсейтов  шымкенттік футболшының болашағы зор екендігіне сенім білдірген екен. 
 
Берік Омарбеков    2005-2011 жылдары    ОҚО кедендік бақылау департаментінде қызмет  атқарып, 2011 жылдан бастап «Қыран» ФК директоры  болып абыройлы  қызмет атқарды. 
 Отбасылы, 1- ұл, 1- қызы бар.
 
Илияс Жолдас 
«Ордабасы» командасынын пресс-атташесі